UFC

Конор Макгрегор UFC-ге оралғанын хабарлады

Конор Макгрегор UFC-ге оралғанын хабарлады

UFC лигасының экс-чемпионы, даңқты спортшы Конор Макгрегор (22-6) октагонға қайта оралатынын мәлімдеді. Оның жекпе-жегі маусым айында АҚШ-та өтеді.

«Спорт тарихындағы ең ұлы камбэк (қайта оралу – авт.) Лас-Вегастағы Халықаралық жекпе-жек аптасында болады. 29 маусымда мен Майкл Чендлермен төбелесемін, жекпе-жек орта салмақта (84 келі) өтеді», - деп мәлімдеді

Конор әлеуметтік желі арқылы таратқан видеоүндеуінде. Айта кетейік, Макгрегор соңғы рет октагонға 2021 жылдың шілдесінде шыққан. Ол кезде шотландиялық файтердің аяғы сынып, Дастин Порьеге техникалық нокаутпен жеңілген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар