Бокс
Қазақстандық қыздар трансгендерлермен бокстасады
АҚШ бокс федерациясы 2024 жылдан бастап трансгендерлерге әйелдер турнирлеріне қатысуға рұқсат береді.
Ол үшін спортшылар белгілі бір шарттарды орындауы керек, атап айтқанда: жынысын ауыстырғаны жайлы мәлімдеме жасайды, операция жасатады, гормоналды тестілеуден өтеді және оның нәтижесін федерацияға хабарлауға міндеттенеді.
Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған боксшылар анасынан туған жынысы бойынша жарысқа қатысады.
Осылайша қазақстандық боксшы қыздар АҚШ-тағы турнирлерге қатысса (жергілікті федерацияның қолдауымен өтетін жарыстар туралы айтып отырмыз — ред.), олар да қарсылас ретінде еркек болып туған, ал қазіргі жынысы әйел боксшылармен жұдырықтасуы мүмкін.
Дереккөз: sports.kz