Қазақстан футбол Премьер-лигасы

Дембо Дарбо «Астанадан» кетіп қалды

Дембо Дарбо «Астанадан» кетіп қалды

«Астана» футбол клубының шабуылшысы болған Дембо Дарбо «Әл-Наср» командасына қайта оралды.

Айта кету керек, Дарбоны «Астана» арабтардан жалға алған болатын. Келісімшарттың мерзімі 31 желтоқсанда аяқталды.

2023 жылы Дембо Дарбо астаналық клуб сапында 21 ойын өткізіп, бес гол соққан. Соңғы футбол маусымында ол жанкүйерлер мен футбол мамандары тарапынан жиі сынға ұшырады. Өйткені, гамбиялық футболшы ең маңызды матчтарда өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған.


Дереккөз: sports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар