Футбол

Әзірбайжандық қақпашы "Барселонамен" келісімшартқа отырды

Әзірбайжандық қақпашы
© APA

Әзірбайжандық қақпашы Эльдар Тагизаде испаниялық «Барселона» сапына қосылды. Бұл туралы клуб X әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы хабарлады. 

21 жастағы футболшымен келісімшарт 2026 жылдың жазына дейін жасалған. Спортшы каталондықтардың екінші командасында өнер көрсетеді.

Эльдар Тагизаде Әзербайжанның «Нефтчи» футбол клубының түлегі. Сонымен қатар, ол Барселонаның «Марсет» академиясында, франциялық «Клермонның» екінші командасы мен Испанияның бесінші күшті дивизионындағы «Польворин» командасында ойнаған.

Басқа спорттық жаңалықтар