Футбол

"Ақтөбе" мен "Жетісу" көрерменсіз ойнайды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының "Ақтөбе" мен "Жетсісу" арасындағы 29 тур матчі көреременсіз өтеді. 


Бұл жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты. Еске салайық, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға салдарынан 33 кенші көз жұмды, тағы 13 адамның денесі іздестіріліп жатыр.


"Премьер-лига клубтары арасындағы ҚР чемпионатында 26-турдың барлық матчы көрерменсіз өтеді және ҚКФЛ әнұраны орындалмайды, Мемлекеттік байрақ тутұғырдың ортасына дейін түсіріледі. Матчтар басталмас бұрын Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алу ұйымдастырылады. Сондай-ақ барлық жоспарланған іс-шара (марапаттау рәсімдері, ұтыс ойындары) өткізілмейді. «Ақтөбе» футбол клубы Ticketon.kz платформасында сатылған билет құны толығымен кері қайтарылатынын хабарлайды", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Әсет Жомарт.



Басқа спорттық жаңалықтар