2024 Париж Олимпиадасы

Америкалық баскетболшылар Олимпиада алтынын сегізінші рет қатар жеңіп алды

Америкалық баскетболшылар Олимпиада алтынын сегізінші рет қатар жеңіп алды
RFI

АҚШ-тың баскетболдан әйелдер командасы Олимпиада финалында Францияны 67:66 есебімен ұтқан еді. Осылайша, америкалық қыздар жазғы Олимпиада ойындары тарихында қатарынан сегізінші рет жеңіске жетті.

Жалпы, АҚШ құрамасы Олимпиада алтынын 10 рет алған екен. Екі рет КСРО құрамасы жеңімпаз атанған.

Биылғы Олимпиадада АҚШ сапында 42 жастағы Дайана Таурази да ойнады. Ол осылай 6 дүркін Олимпиада чемпионы атанып отыр. Дайана бұған дейін 2004, 2008, 2012, 2016 және 2020 жылдардағы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар