Футзал

Футзалдан Чемпиондар лигасы. "Аят" үшінші турда да жеңіске жете алмады

Футзалдан Чемпиондар лигасы.

Қазақстандық "Аят" футзал клубы Чемпиондар лигасы негізгі раундының үшінші турында тең ойнайды. 


Рудныйлық команда украиналық "Хит" клубымен кездесу өткізді. Бірінші таймда-ақ Әбдірасул Әбдіманапұлы мен Евгений Козырчиков гол салып, есеп 2:0 болды. Екінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда украиналықтардан Евгений Серый мен Андрей Мельник бір-бір голдан салып, есепті теңестіре алды.


Осылайша, қазақстандық команда өз тобында тек бір ұпай еншілеп, топта төртінші болды. Яғни, рудныйлық команда ЧЛ элиталы раундына өте алған жоқ. Мұның алдында "Аят" хорватиялық "Олмиссум" (2:3) мен португалиялық "Спортингтен" (1:6) ұтылған еді.


Басқа спорттық жаңалықтар