Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» екінші ойын қатарынан ірі есеппен жеңіске жетті

«Барыс» екінші ойын қатарынан ірі есеппен жеңіске жетті

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» өз айдынында Челябінің «Тракторын» қабылдап, 5:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» сапынан Аркадий Шестаков (9, 52), Давид Скленичка (10), Рудольф Червени (17) және Энтони Камара (24) көзге түсті. Ал, жеңілген командадан Никита Сошников (49) гол соқты.

Астаналық клубтың бүгінгі жеңісі оның Шығыс конференциясында ең соңғы орыннан бір сатыға көтерілуіне себеп болды. 37 ұпай жинаған «Барыс» қазір 11-сатыда. Ал, жарыстың плей-офф кезеңіне алғашқы сегіз команда өтетінін еске салайық.

Олег Болякин шәкірттері бұған дейінгі матчта «Авангардты» да 5:1 есебімен жеңген болатын. Оның алдында «Сочиді» овертаймда тізе бүктірді.

Келесі матчты «Барыс» сырт алаңда Ярославльдің «Локомотивімен» өткізеді.


Дереккөз: hcbarys.kz

Басқа спорттық жаңалықтар