Теннис
Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары анықталды
Канкунда (Мексика) WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.
Аталмыш жарысқа Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет қатыспақ. Жеребе қорытындысы бойынша Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула (5) және грекиялық Мария Саккаримен (9) бір топқа түсті.
Екінші топта Ига Швентек (2), Кори Гауфф (3), Онс Жабер (7) және Маркета Вондроушова (6) ойнайды.
Қазақстандық теннисші бірінші кездесуін 29 қазан күні Пегуламен өткізеді. Екеуі бұған дейін үш рет шеберлік байқасып, екеуінде америкалық спортшы жеңіске жеткен.
Әр топтан екі үздік теннисші жартылай финалға жолдама алады.