Футбол

Қайғылы оқиғаға байланытсы. ҚПЛ-дегі "Шахтер" - "Астана" ойыны жабық түрде өтеді

Қайғылы оқиғаға байланытсы. ҚПЛ-дегі

ҚПЛ-дегі қарағандылық "Шахтердің" ертеңгі "Астанамен" өтетін өз алаңындағы матчті жабық түрде көреременсіз өтеді. 


Бұл Қарағандыдағы Костенко атындағы кен орнында болған қайғылы жағдайға байланысты болып отыр. 


"Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты "Шахтер" мен "Астана" матчі көрерменсіз өтеді. Костенко шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл отбасылар, әріптестер және барша облыс тұрғындары үшін үлкен қайғы. Бұл қайғының орнын ешбір сөз толтыра алмайды. Қаза болғандардың туыстарының қайғысына ортақпыз!", - делінген хабарламада.


Еске салайық, Костенко шахтасындағы апат салдарынан 28 адам қаза тапқан еді.

Басқа спорттық жаңалықтар