Кәсіби бокс

Бивол мен Бетербиев абсолют чемпион атағы үшін айқас келісімшартына қол қойды

Бивол мен Бетербиев абсолют чемпион атағы үшін айқас келісімшартына қол қойды
Allboxing

Жартылай ауыр салмақта WBA Super және IBO чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (22-0, 11 КО) осы дивизионда WBC, IBF және WBO титулдарына ие отандасы Артур Бетербиевпен (19-0, 19 КО) жекпе-жекке шығатын болды, деп хабарлайды инсайдер Дэн Рафаэль.

Дегенмен әзірге бұл айқас бойынша ешқандай мән-жай айтылмады. Белгілісі тек жартылай ауыр салмақтағы абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жекті Сауд Арабиясының инвесторлары ұйымдастырмақ.

Қаңтарда Квебекте (Канада) Бетербиев WBC желісі бойынша міндетті үміткер британиялық Каллум Смитпен (29-1, 21 КО) жұдырықтасады. Демек осы жекпе-жектен кейін Бивол мен Бетербиев арасындағы кездесудің нақты уақыты белгіленеді.

Басқа спорттық жаңалықтар