Теннис

Рыбакина WTA-ның жаңа маусымына дайындығы туралы айтты

Рыбакина WTA-ның жаңа маусымына дайындығы туралы айтты

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылғы WTA-ның жаңа маусымына дайындығы жөнінде айтты.

«Мен әр жарыс алдында шеберлігімді одан сайын шыңдай түсуге тырысамын. Кортқа шыққанда техникалық, физикалық қабілетімді, шешім қабылдау тұрғысынан да әлеуетімді арттыру үшін жұмыстанамын. Үнемі формада жүру – менің ең маңызды міндетім», - деді Елена Talk 100.3 арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Рыбакина 31 желтоқсанда жаңа маусымды Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирде өнер көрсетуден бастайды.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар