Шахматшылар дресс-кодқа байланысты талап қойған ФИДЕ-ге наразылық білдірді
ФИДЕ-де тағы жанжал шықты. Шахматшылар дресс-кодқа қатысты наразылығын білдірді.
Голландиялық шахматшы Анна-Мая Казарянға Халықаралық шахмат федерациясы 100 еуро айыппұл салды. Өйткені шахматшы Самарқандта өткен Әлем чемионатына Burberry-дің аяқ киімімен келген. Ал төреші бұл аяқ киімді спортқа арналған деп тапты.
Аталмыш аяқ киім Burberry - дің Kingsly деп аталатын моделі. Бұл аяқ киімнің спорттық емес, қыдыруға арналған түрі. Бренд қазір бұл аяқ киімді жасап шығармайды, десе де кейбір дүкендерден табуға болады.
ФИДЕ дресс-кодына сәйкес спортшылардың спорттық аяқ киіммен жарысқа қатысуына болмайды. Бірақ шахматшылар бұл талаптар әрдайым анық бола бермейтінін бірнеше рет айтқан. Анна-Мая Казарян бұл аяқ киімді жаттығу залына емес, күнделікті киюге арналған сәнді және стильді аяқ киім ретінде сатып алғанын айтты.
Казарян ФИДЕ дресс-кодының талаптарына байланысты басы дауға қалған алғашқы ойыншы емес. 2017 жылы Аргентиналық Каролина Лужан Иранда өткен әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Өйткені барлық әйел ойыншыларға хиджаб кию тапсырылған еді.
Дереккөз: prosports.kz