Футбол

Ең қымбат жартылай қорғаушылардың рейтингі жасалды

Ең қымбат жартылай қорғаушылардың рейтингі жасалды
dailysports.net

Transfermarkt жаңартылған бағалар бойынша әлемдегі ең қымбат жартылай қорғаушылардың рейтингін жасады.

Осылайша, рейтингте "Реал" ойыншысы Джуд Беллингем көш бастады. 20 жастағы Беллингем "Реал" сапына осы жазда дортмундтық "Боруссиядан" ауысқан болатын.

Әлемдегі ең қымбат 10 жартылай қорғаушының тізімі:

1. Джуд Беллингем ("Реал") - 180 миллион еуро;

2. Джамал Мусиала ("Бавария") - 110 миллион еуро;

3. Деклан Райс ("Арсенал") - 110 миллион еуро;

4. Родри ("Манчестер Сити") - 110 миллион еуро;

5. Флориан Вирц ("Байер") - 100 миллион еуро;

6. Федерико Вальверде ("Реал") - 100 миллион еуро;

7. Мойсес Кайседо ("Челси") - 90 миллион еуро;

8. Педри ("Барселона") - 90 миллион еуро;

9. Гави ("Барселона") - 90 миллион еуро;

10. Эдуарду Камавинга ("Реал") - 90 миллион еуро.

Басқа спорттық жаңалықтар