ММА

"Наше дело" чемпионы Қуат Хамитовке жауап берді

RCC

Ресейлік спортшы Александр Грозин өзін жекпе-жекке шақырған қазақстандық файтер Қуат Хамитовке жауап берді.

"Наше дело 81" турнирінде "Қазақстандық Иерминатор" лақап атты Мұратбек Қасымбай ұйым чемпионы Александр Грозинмен төрешілер шешімімен жеңілген еді. Оған дейін Грзин өзге қазақстандық Магомед Кабардиевті де жеңген. 

Осыдан кейін қазақстандық файтер Қуат Хамитов Грозинды жекпе-жекке шақырған болатын.

Грозин бұл шақыруды жауапсыз қалдырмады.

"Наше дело", сәлем! Ана жақта бір шал маған үндеу тастап жатыр. Оның есімі – Қуат Хамитов. Ол диваннан тұрып, менімен жекпе-жекке шыққысы келеді. Егер лига мен көрермендер қызығушылық танытса, мен оны дәл сол диванға қуана қайта жатқызамын. Сондықтан Қуат, дайындал, жақында кездесеміз", - деді ол Instagram stories-те жариялаған видеода.

Басқа спорттық жаңалықтар