ММА

"Құпиясын түсіне алмадым". Шетелдік бапкер Шавкат Рахмоновқа тамсанды

Zuffa LLC

UFC-дің екі салмақта чемпионы Жорж Сен-Пьердің бапкері Фирас Захаби қазақстандық Шавкат Рахмонов туралы ойын айтты.

Оның сөзінше, "Номад" көпшілік үшін құпия болып отыр.

"Шавкат - феномен. Барды бар деп айту керек, ол феномен. Жекпе-жектерін көріп отырып ойлайтыным: "Бұл жігіт ненің арқасында сонша мықты". Бірақ әлі түсіне алмай келемін. Өмірімде мен сансыз айқастарды тамашлаған адаммын. Феноменальді, талантты спортшыларды жаттықтырдым... ал мына жігіт жұмбақ. "Вандербой" - соққысы керемет, тамаша, бірақ Шавкат оны да қарымта шабуыл жасап, соққысын дарытпады. Мен шокта болдым.

Шавкат - өзгеше. Мен оның жаңа жекпе-жектерін асыға күтемін. Бұл жігіттің әлсіз тұсы бар ма, соны білгім келеді. Ол Леон Эдвардсты жеңе ала ма? Жеңе алмайды деп айта алмаймын. Оның сегіз бұрышта жасайтыны - бұл ессіздік. Түсіне алмайсың. Әдетте ондай мүмкін емес. Мәселен оның биомеханикасын да алсақ... ол сондай кемел емес. Онда неге сонша мықты?", - дейді Захаби Tristar Gym арнасына берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар