Теннис

L’Équipe әлемдегі ең мықты спортшыларды атады

L’Équipe әлемдегі ең мықты спортшыларды атады
Metro

ATP рейтингінде бірінші тұрған сербиялық теннисші Новак Джокович L’Équipe басылымының тұжырымынша өтіп бара жатқан жылдың ең мықты спортшысы атанды.

2023 жылы Джокович "Үлкен дуылға" санатындағы үш жарыста және ATP қорытынды турнирінде жеңімпаз болды. Сонымен бірге, карьерасында екінші рет "Чемпиондардың чемпионы" атағын жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында 2023 жылдың ең үздік спортшысы америкалық гимнаст, 2016 жылғы Олимпиаданың төрт дүркін чемпионы және әлем чемпионы, 21 жастағы Симона Байлз болды.

Симона L’Équipe басылымымен төртінші рет марапатталып отыр (2016, 2018 және 2019).

Басқа спорттық жаңалықтар