0
«Қайраттың» РПЛ Қысқы кубогіндегі ойын кестесі жаорияланды

"Қайрат" ФК
Футболдан Ресей премьер-лигасы Қысқы кубогына қатысатын алматылық «Қайраттың» ойын кестесі белгілі болды.
Бұл жарыста төрт команда топтық кезеңде бір-бірімен ойнайды. Топта бірінші орын алған команда турнир жеңімпазы атанады.
Қазақстандық команданың қарсыластары - ресейлік «Спартак»,«Ростов» және араб әмірліктерінің «Шабаб Әл-Ахли» командасы.
«Қайраттың» турнирдегі ойын кестесі:
6 ақпан. «Шабаб Аль-Ахли» - «Қайрат». Басталуы - 22:30;
11 ақпан. «Қайрат» - «Ростов». Басталуы - 21:00;
14 ақпан. «Спартак» - «Қайрат». Басталуы - 22:30.
Айта кетейік, бұл халықаралық турнир 2024 жылдың 2-14 ақпан аралығы Әбу-Дабиде өтеді.