2024 Париж Олимпиадасы

Өзбекстандық боксшы екінші рет Олимпиада чемпионы атанды

Өзбекстандық боксшы екінші рет Олимпиада чемпионы атанды
Өзбекстанның ҰОК

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

51 келідегі финалда өзбек боксшы франциялық Биллал Беннамды 5:0 есебімен таза жеңді. Былтыр өткен әлем чемпионатының финалында Дусматов осы франциялықты нокаутқа түсірген болатын.

Бұл Хасанбойдың карьерасындағы Олимпиаданың екінші алтыны. Осылай ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы болған Өзбекстандық бірінші боксшы. Бұған дейін ол 2016 жылы Рио-де-Жанейро ойындарында алтын алған еді.

Айта кетейік, сегіз жыл бұрынғы Олимпиаданың 1/4 финалында Дусматов қазақстандық Біржан Жақыпты жеңген, ал Париждегі ширек финалда Сәкен Бибосыновтан басым түсті.

Басқа спорттық жаңалықтар