Хоккей

"Барыстың" ҚХЛ көшбасшыларының бірімен матчі сенсациямен аяқталды

hcbarys.kz

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тқрақты чемпионаты аясында омбылық "Авангардты" ойсырата ұтты.

Астанада өткен кездесу 5:1 есебімен аяқталды. 

Жеңімпаздарс апында Даниил Апальков (12-минут), Кирилл Савицкий (42), Энтони Камара (44), Алихан Өмірбеков (46) және Давид Скленичка (49) гол соқты. Ал реесйлік команададн жалғыз шайбаны Михаил Гуляев (57-минутта) салды.

Бұл жеңіліске қарамастан омбылық команда 59 ұпаймен Шығыс конференциясында екінші орнын сақтап қалды. Ал астаналықтар 35 баллмен соңғы, 12-орында.

Келесі матчті "Барыс" 30 желтоқсан өз айдынында челябілік "Трактормен" өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар