ММА
UFC 307 турнирі өтетін орын белгілі болды

MMA Fighting
UFC турнирлері қайтадан Солт-Лейк-Ситиге штатында өткізілетін болды.
Бұқаралық ақпарат құралдары Юта штатында жоспарланған турнир туралы бірнеше апта бұрын хабарлағанымен, UFC ресми түрде 8 тамызда ғана UFC 307 турнирі 5 қазанда Delta Center-де өтетінін құлақтандырды.
UFC бұл шараны Солт-Лейк-Ситиде үшінші жыл қатарынан өткізеді.
Төбелес кешіне Мовсар Евлоев, Алджамейн Стерлинг, Жозе Альдо секілді танымал файтерлер қатысады.