2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық таеквондошы Олимпиададағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық таеквондошы Олимпиададағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали (80 келі) 2024 жылғы Олимпиадаа ойындарының іріктеу айналымын сәтті бастады, деп жазады Olympic.kz.

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездескен болатын. Қазақстандық спортшы алғашқы раундта 5:4 есебімен жеңді.

Екінші раундта 1:1 есебі тіркелгенімен, басымдық бойынша жеңіс Кулибалиге берілді. Кездесу тағдыры үшінші раундта шешіліп, қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңді.

Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты. Келесі қарсыласы – италиялық спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессио.

Басқа спорттық жаңалықтар