УЕФА Конференция Лигасы
«Астана» Конференция лигасында румыниялық команданы ұтты

instagram.com/fca.astana
Футболдан Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» сырт алаңда Румынияның «Корвинул» командасымен кездесті.
Алғашқы голды алаң иелері соғып кетті. Олардың қатарынан Антонио Манолаке 37-минутта мергендік танытты.
Ал «Астана» сапынан Усман Камара 62-минутта таразы басын теңестірсе, Джеффри Чинеду 80-минутта өз командасын алға шығарды.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Енді қарымта кездесу 15 тамыз күні Астанада өтеді.