2024 Париж Олимпиадасы

Елжана келесі Олимпиадада қуантады - бас бапкер

Елжана келесі Олимпиадада қуантады - бас бапкер
Сурет: Сали Сабиров

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупова шәкірті Елжана Таниеваның бүгінгі жарысына баға берді.
 «Өкінішке қарай, Таниева финалға шыққан үздік 10 спортшының қатарына іліге алмады. Бұл — оның қатысып отырған алғашқы Олимпиадасы. Жасы небәрі 18-де. Соған қарамастан барын салып, жақсы өнер көрсетті. Өзі де өте еңбекқор спортшы. Өздеріңіз көргендей, ол соңғы ұршық жаттығуында сәл төмен ұпай алып қалды.

Негізі доппен жаттығуда өрескел қате жіберіп, допты қолынан түсіріп алды. Ал ұршық жаттығуын өте таза орындап шыққан еді. Бір қызығы, төрешілер таза орындалған ұршық жаттығуына доптан да төмен ұпай берді.

Мен бірден төрешілерге шағым түсірдім. Алайда, олар шағымды қанағаттандырған жоқ. Неліктен мұндай төмен ұпай қойғанын түсінбедім. Елжананың болашағы алда. Бұйырса келесі Олимпиада ойындарында қуантамыз», — деді бас бапкер Әлия Юсупова.

Басқа спорттық жаңалықтар