2024 Париж Олимпиадасы

Елжана Таниева Олимпиада финалынан сырт қалды

Елжана Таниева Олимпиада финалынан сырт қалды
Instagram/taniyevae

Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі аяқталып, финалға шыққан спортшылар анықталды.

Аталған спорт түрінен Қазақстан намысын Елжана Таниева қорғаған болатын. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша 13-орын иеленіп, финалдан сырт қалды. Ол төрт жаттығу қорытындысы бойынша 126.600 ұпай жинады.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан тек көпсайыс нәтижесі бойынша ғана жеңімпаздар анықталады.

Іріктеуге қатысқан 24 гимнастың ішінен тек 10 спортшы ғана ақтық сынға жолдама алады.

Басқа спорттық жаңалықтар