2024 Париж Олимпиадасы
Қазақстандық бессайысшы Олиипиадада алғашқы іріктеуден өтті

olympic.kz
Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан әйелдер арасында семсерлесуден іріктеу өтті.
Бұл жарыста қазақстандық Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті.
Бұгін қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды.
Үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.