Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Ақтөбе» ФК ТОП деңгейдегі 5-7 ойыншыны сатып алмақшы

«Ақтөбе» ФК ТОП деңгейдегі 5-7 ойыншыны сатып алмақшы

«Ақтөбе» футбол клубы келер маусымға қызу дайындалып жатыр.

Бұл қадамға клуб басшылары бір ғана мақсатта барып отырған көрінеді, ол – келер маусымда ел чемпионы атану.

«Қолда бар ақпаратқа сенсек, клуб өте жоғары деңгейдегі 5-7 ойыншыны шақыртады. Олардың есімі елге танымал. Кім екендерін ақпарат толыққан кезде жариялаймыз.

Осылайша, «Ақтөбе 2024 жылғы маусымда ел чемпионы болуға барын салып жатыр деп айта аламыз. Аяқасты күтпеген жағдайлар болып қалмаса, ақтөбелік футболшылар жейдесіне екінші жұлдызды жабыстырады. Бәрі соған келе жатқандай. Ең бастысы, облыс әкімі клубқа жан-жақты қолдау білдіріп, оны алтыншы рет чемпион қылуға жағдай жасап отыр», - деп жазылған аталған хабарламада.

Айта кетейік, «Ақтөбе» футбол клубы Қазақстан чемпионатын 2005, 2007, 2008, 2009 және 2013 жылдары жеңіп алған.


Дереккөз: Серый CARDINAL телеграм арнасы

Басқа спорттық жаңалықтар