Дзюдо

Елдос Сметов Олимпиададағы әлемдік рейтингте шарықтады

Елдос Сметов Олимпиададағы әлемдік рейтингте шарықтады
Olympic.kz

Қазақстандық Елдос Сметов Олимпиададағы жеңістен кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рейтингінде айтарлықтай жоғарлады.

60 келінің жаңарған тізімде Сметов бірден 17 саты жоғарылап, қазір бесінші орында тұр.

Рейтингте бірінші тайбэйлік Ян Юнвэй, одан кейін франциялық Лука Мхеидзе мен грузиялық Георгий Сардалашвили. Төртінші орында испаниялық Франсиско Гарригос.

Айта кетейік, Елдос Париж ойындарында рейтингте өзінен жоғары тұрған Юнвэйді ширек финалда, Гарригосты жартылай финалда, ал алтын үшін белдесуде Мхеидзені жыққан болатын.


Басқа спорттық жаңалықтар