2024 Париж Олимпиадасы

Қазақ боксшыдан нокдаунға түскен кубалық Олимпиада алтынын алды

Қазақ боксшыдан нокдаунға түскен кубалық Олимпиада алтынын алды
olympics.com

Кубалық боксшы Эрисланди Альварес Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.

63,5 келідегі фианлда ол 29 жастағы франциялық атақты боксшы Софьен Умиханы жеңді. Кубалық үшін бұл Олимпиаданың алғашқы жүлдесі.

Бұл боксшылар былтыр IBA ұйымдастырған әлем чемпионатының финалында да кездескен, алайда ол кезде франциялық басым болған еді.

Еске салайық, биыл Бангкокта өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Альваресті нокдаунға түсірген болатын, дегенмен, кубалық бұл айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Ал қазақстандық боксшы Париж ойындарына жолдама иеленген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар