2024 Париж Олимпиадасы

Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасындағы белдесуде жеңілді

Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасындағы белдесуде жеңілді
olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші айналымында ұтылды, деп жазады Olympic.kz.

Тәжірибелі балуан америкалық Аарон Брукске есе жіберді. Есеп - 3:4.

Аарон Брукс АҚШ біріншілігінде әйгілі Дэвид Тейлорды жеңген болатын.

Енді Дәулетбеков Брукстың финалға шығуын күтеді. Егер ол ақтық сынға сүрінбей жетсе, Дәулетбековте жұбаныш белдесуіне мүмкіндік пайда болады.

Басқа спорттық жаңалықтар