2024 Париж Олимпиадасы

Бас бапкер Демеу Жадыраевтің Олимпиадада күміс алуына қатысты ойын айтты

Бас бапкер Демеу Жадыраевтің Олимпиадада күміс алуына қатысты ойын айтты
ҚР ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченко Демеу Жадыраевтың финалдық жекпе-жегіне өз бағасын берді, деп жазады Olympic.kz.

«Демеу жақсы күресті. Аздап ептілік жетіспей қалды. Төрттағанда тепе-теңдікті жоғалтып алды. Ал жапондық балуан мұны сәтті пайдаланып, екі рет екі ұпайлық әдіс жасап кетті. Өте өкінішті. Барын салып күресті. Қарсыласы әлемдік деңгейдегі жігіт. Өкінішке қарай, жеңіс жапоны жағынд кетті. Десе де, Демеудің финалда күресіп, күміс медаль алғаны – үлкен жетістік. Бізге жанкүйер болған жандарға алғысым шексіз»,- деді бапкер.

Басқа спорттық жаңалықтар