Футбол

«Зенит» басшылығы Нұралы Әліптің «Реалға» ауысуы мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді

«Зенит» басшылығы Нұралы Әліптің «Реалға» ауысуы мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді

БАҚ беттерінде қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке Мадридтің «Реал» клубы қызығушылық танытып, қысқы трансфер кезінде жалға алуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Бұл әңгіме жерлесіміз ойнайтын «Зенит» клубының басшылығына да жетіпті. Клубтың басқарма төрағасы Александр Медведев «корольдік» клубтың петерборлық команда қорғаушысына қызығушылық танытып отырғанын жоққа шығарды.

Өсекке қатысты пікір білдірмейміз, – деді Медведев.

24 жастағы Әліп «Зенитпен» 2022 жылғы желтоқсанда келісімшартқа қол қойды, оған дейін ол клубта жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүрген.

Биылғы маусымда ол «Зенит» сапында 23 матч өткізіп, мергендігімен көзге түскен жоқ.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар