Теннис

Анна Данилина Торонтодағы турнирді сәтті бастады

Анна Данилина Торонтодағы турнирді сәтті бастады
ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Анна Данилина Торонто (Канада) WTA 1000 турнирін сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші чехиялық Мария Боузковамен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Тимея Бабош пен украиналық Надежда Киченокты 6:1, 7:5 есебімен бір сағат 20 минутта ұтты. Бұл матчте Анна мен Мария 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Мажарстандық-украиналық дуэт 4 эйс, 1 брейкті қанағат тұтты.

Енді Анна Данилина мен Мария Боузкова ірі жарыстың ширек финалына өту үшін канадалықтар Ариана Арсено пен Мия Купрес дуэтімен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар