2024 Париж Олимпиадасы

Келесі Олимпиадада еліме алтын алып беремін - Нұрбек Оралбай

Келесі Олимпиадада еліме алтын алып беремін - Нұрбек Оралбай
olympic.kz

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Жарыстан кейін боксшы чемпиондық атаққа барын салғанын, алайда қол жеткізе алмағанына іштей өкінетінін айтып берді.

«Жекпе-жекті көрдіңіздер. Барымды салып жұдырықтастым. Чемпион болып, алтын аламын деп ойлағам, өкінішке қарай, алтын ұстатпады. Осыған да, қанағат етеміз. Париж Олимпиадасының күміс медалі бұйырды. Барлық қолдап жатқан жанкүйерлерге, отандастарыма алғысымды айтқым келеді. Бұл – менің алғашқы Олимпиада ойыным. Бұйырса келесі Олимпиадада еліме алтын алып беремін», - деді боксшы Нұрбек Оралбай.

Басқа спорттық жаңалықтар