2024 Париж Олимпиадасы

Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді

 Демеу Жадыраев Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді
olympic.kz

Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында алтын үшін финалдық белдесуін өткізді.

77 келі салмақта белдесетін 34 жастағы Демеу шешуші кездесуде 24 жастағы жапониялық Нао Кусакамен белдесті. Бұл кездесуде қазақ балуаны 2:5 есебімен жапониялыққа есе жіберді.

Осылайша, жапониялық балуан Париж Олимпиадасының чемпионы, ал Демеу күміс жүлдегер атанды.

Біріккен күрес әлемінің (UWW) 77 келідегі рейтингінде Кусака көшбасшы, ал Жадыраев жетінші орында екенін айта кетейік.

Еске салайық, Жадыраев жартылай финалда әзірбайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті. Ал ширек финалда қырғыздың мықты балуаны Ақжол Махумдовты жыққан еді.

Жадыраев - әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2017) және Азия біріншілігінің қоласы мен күмісін алған (2015, 2018).

Кусака әлем чемпионатының қола жүлдегері (2023) және Азия чемпионы (2024).

Басқа спорттық жаңалықтар