2024 Париж Олимпиадасы

Олимпиаданың бес дүркін чемпионы карьерасын аяқтады

Олимпиаданың бес дүркін чемпионы карьерасын аяқтады
Сурет: Kim Kyung-Hoon / Reuters

Ауыр салмақтағы кубалық Михаин Лопес Нуньес Париж Олимпиадасының финалындағы жеңістен кейін карьерасын аяқтады.

Нуньес 2008 жылғы Бейжің ойындарынан бері барлық Олимпиадада грек-рим стилі бойынша 130 келіде алтын алып келді. Париж Ойындарында ол Олимпиданың бес дүркін чемпионы атанған тарихтағы жалғыз балуан болып отыр.

Биыл 42 жасқа келетін балуан финалда чилилік Ясмани Акоста Фернандесті жыққанан кейін (6:0), күрескенде киетін аяқ киімін шешіп, бір сүйді де бозкілемнің ортасына қойды. Осылай ол кареьрасын аяқтайтынын білдірді.

Олимпиададн бөлек кубалық балуан әлемнің (2005, 2007, 2009, 2010, 2014) және Панамерикалық ойындардың бес дүркін чемпионы (2003, 2007, 2011, 2015, 2019).

Басқа спорттық жаңалықтар