2024 Париж Олимпиадасы

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олиимпиадасындағы бірінші белдесуінде жеңді

Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олиимпиадасындағы бірінші белдесуінде жеңді
Сурет: Тұрар Қазанағпов

Бүгін, 7 тамызда грек-рим стилінде белдесетін қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олиимпиадасындағы бірінші кездесуін өткізді.

87 келідегі 1/8 финалда қазақ балуаны мысырлық Мохамед Метваллимен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық 0:1 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласын таза жықты да, 10:1 есебімен ширек финалға өтті.

Тұрсынов 2014 жылғы Азия чемпионы. Сонымен бірге, құрылқтық жарыста екі рет күміс және бір рет қола жүлдегер атанған (2015, 2023 және 2022 жылдары).

Метвалли - Африканың екі дүркін чемпионы (2017, 2019). Сонымен қоса, Африка ойындарының қола жүлдегері (2019).

Басқа спорттық жаңалықтар