2024 Париж Олимпиадасы

Сарапшы Нұрбек Оралбайдың финалдық айқасына болжамын айтты

Сарапшы Нұрбек Оралбайдың финалдық айқасына болжамын айтты
Сурет: Владислав Семенов

Британиялық бокс шолуышысы Тейлор О'Хиггинс Париж Олимпиадасында 80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрбек Оралбай мен украианлық Александр Хижняк арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

Тейлордан финалда кім жеңеді деген сұрағанда ол былай деді:

"Хижняк жеңеді, бірақ Оралбайда да мүмкіндік бар, өйткені ол бұл айқасқа бір жыл дайындалды. Енді төрешілердің алдыңғы істегендеріне қарап, бәрін де күтуге болады".

Нұрбек 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы.

Хижняк - 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2017 жылғы Еуропа мен әлем чемпионы.

Басқа спорттық жаңалықтар