Өзбекстандық боксшыны чемпиондық айқас алдында Мәскеуде пышақтаған
Супержеңіл салмқатағы өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашевтың (23-1, 20 КО) титулды жекпе-жекке бірнеше ай қалғанда Мәскеуде аяғына пышақ ұрып кеткен екен.
Қараша айында Лас-Вегаста Эргашев пуэрториколық Субриэль Матиастан (20-1, 20 КО) IBF титулын тартып ала алмады. 12 раундқа есептелген айқас бесіешісінде ақталған еді. Эргашевтың комнадасы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, жарақат салдарынан өзбек боксшы карьерасында алғаш рет жеңілді.
Shohjahon Ergashev revealed that he had been stabbed in his leg before the fight against Matias. It happened in Moscow about 7-8 months ago before the fight. pic.twitter.com/wl01slLfyq
— Jalol Akhmedov🇺🇿 (@JalolAkhmedov) December 27, 2023
Бұл ақпаратты боксшының промоутер Дмитрий Салита (Salita Promotion) растап отыр:
"Шохжахон нағыз ер болғандықтан жекпе-жектен бас тартпады. Алайда жекпе-жек кезінде жарақат алған аяғы ісіп кетті. Осыдан кейін Шохжахон қозғала алмай қалды".