Теннис
Александр Бублик Олимпиададан кейін Канададағы турнирді сәтті бастады

©REUTERS
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монреальда (Канада) басталған Masters сериясы (ATP-1000) турнирін сәтті бастады.
Жұптық сындағы бірінші айналымда Бублик америкалық Бен Шелтонмен бірге Харри Хелевоаара (Финляндия)/Генри Паттен (Ұлыбритания) дуэтін бір сағат алты минутта 7:6, 2:1 есебімен ұтты.
Екінші cетте Бубулик пен Шелтонның қарсыластары жарақатқа байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.