2024 Париж Олимпиадасы

Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Нариман Курбанов Алматыға келді

Олимпиада жүлдесін жеңіп алған Нариман Курбанов Алматыға келді
Сурет: Алматы әкімдігі

Нариман Курбанов бастаған олимпиадашылар Алматыға оралды.

Спортшыларды алматылықтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Салтанатты рәсім кезінде Олимпиаданың күміс жүлдегері жарыстан алған әсерімен бөлісті.

«Бәрі маған үміт артты, өзім жүлде алатыныма сендім. Бірақ қазіргі дейін мұның бәрі шынымен болып жатқанына сене алар емеспін. Жеңісімді еліме арнаймын. Олардың қолдауын сезініп жатырмын, көп алғыс алдым. Қазір елімізде спорттық гимнастикаға жақсы көңіл бөлініп жатыр. Алынған медальдан кейін одан да жақсы жағдай жасалады деп ойлаймын», - деді ол.

Сондай-ақ Олимпиаданың күміс жүлдегері алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Шеберлігімнің шыңына енді шығып келе жатырмын. Менің бағытымдағы гимнаст үшін спортта қалып, алтын үшін күресу дұрыс болады», - деді Нариман Құрбанов.

Басқа спорттық жаңалықтар