2024 Париж Олимпиадасы

Қазақстандық Нора Джеруто Олимпиадада жүлде ала алмады

Қазақстандық Нора Джеруто Олимпиадада жүлде ала алмады
olympic.kz

Бүгін, 7 шілдеде әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың финалы өтті.

Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Нора Джеруто сынға түсті. Ол мәреге тоғызыншы боп келіп, жүлде ала алмады. Нораның нәтижесі - 9:08.97. Алтынды Олимпиада рекордын орнатып, Бахрейн өкілі Винфрид Яви жеңіп алды - 08:52.76. Екінші орын Перут Чемутайға (Уганда) бұйырды - 08:53.34. Үздік үштікті кениялық Фэйт Чериточ түйіндеді - 08:55.15.

Басқа спорттық жаңалықтар