Футбол

"Қызыл-Жардан" кеткен Тапаловты "Тобыл" сапына қоспақ

КazFootball.kz

Қазақстан құрамасының ойыншысы Еркін Тапалов қостанайлық "Тобыл" командасына қосылуы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz клубтағы дерекөзге сілтеме жасап. 

Бұған дейін қазақстандық жартылай қорғаушы Түркияның бірінші лигасындағы "Манисамен" келіссөздер жүргізген болатын.

Тапалов өткен маусымды "Қызыл-Жар" құрамында өткізіп, команданың капитаны әрі көшбасшы ойыншысы болды.

30 жастағы футболшы карьерасында "Ақжайық", "Шахтер", "Жетісу" және "Тұран" клубтарында өнер көрсеткен. Ал Тапалов Қазақстан құрамасы сапында 12 кездесу өткізді.

Басқа спорттық жаңалықтар