Садақ ату

Қазақстандық садақшылар Грузиядағы турнирден олжалы оралды

Қазақстандық садақшылар Грузиядағы турнирден олжалы оралды
qazaqstan.tv

Бүгін Грузияның Батуми қаласында садақ атудан халықаралық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Жарыстың іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық садақшылар Самира Жұмағұлова, Аяжан Яхина және Әлихан Тұяқ бірінші орынға ие болды.

Жекелей сында ерлерден Райымбек Майқыбаев пен бұрымдылар арасында Самира Жұмағұлова күміс жүлде иеленді.

Ал кадеттер арасында Әлихан Тұяқ алтын, Аяжан Яхина күміс жүлде жеңіп алды.

Командалық жарыста Райымбек Майқыбаев пен Әбдумәлік Ғаниев жеңіске жетті ал, аралас командалық сында Әлихан Тұяқ пен Аяжан Яхина жұбы үздік болды.

Басқа спорттық жаңалықтар