Футбол

"Мансестер Сити" ойыншысы АПЛ-де Роналдудың рекордын қайталады

instagram.com/bernardocarvalhosilva

«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва Англия чемпионатының 19-турындағы «Эвертонмен» матчте (3:1) ассист жасады.

Осылайша, ол нәтижелі пастар бойынша АПЛ-дегі екінші португалиялық болды. Қазір оның есебінде 37 ассист. Бұл көрсеткіш бойынша Силва әйгілі отандасы Криштиану Роналдумен теңесті.

Ал АПЛ-де ең көп нәтижелі пас берген португалиялық Нани болып тұр - 43.

Басқа спорттық жаңалықтар