ММА

UFC рейтингінде оныншы тұрған файтер Алмабаевпен айқастан бас тартты

UFC рейтингінде оныншы тұрған файтер Алмабаевпен айқастан бас тартты
Cageside.ru

UFC ұйымының жеңіл аса жеңіл салмағының рейтингінде оныншы тұрған америкалық Тим Элиот (21-13-1) қазақстандық Асу Алмабаевпен (18-2) жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы Асудың өзі хабарлады.

"Тим Эллиот бас тартты, өйткені ол топ-10 тізімде, ал мен ұйымға енді ғана келдім. Оған жаңадан келген файтермен өзін қауіпке тігіп не керек? Олар өздеріне қарсылас таңдай алатын деңгейде, ал біз тек дебютантпыз - кімді берсе сонымен айқаса береміз", - дейді Алмабаев "Спорт Шредингера" телеграм арнасына берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар