Футбол
Гвардиола "МанСити" қорғаушысы Стоунстың жарақаты туралы айтып берді
Twitter
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ-дің 19-турындағы «Эвертонмен» матчтен кейін (3:1) қорғаушы Джон Стоунстың жарақаты туралы айтып берді.
29 жастағы футболшы 43-минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды.
«Бәрі жақсы сияқты, бірақ дәрігерлік тексеріс нәтижесін көрейәк. Тобығында бір кілтипан бар», — деп береді Гвардиоланың сөзін BBC.
Осы матчтен кейін «Манчестер Сити» 37 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. «Эвертон» 16 ұпаймен он жетінші орында келеді.