Футбол

Ресейлік командадағы Қазақстан құрамасының ойыншысы Ла Лигаға ауысуы мүмкін

Ресейлік командадағы Қазақстан құрамасының ойыншысы Ла Лигаға ауысуы мүмкін
ҚФФ

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Нұралы Әліп испандық клубтың қызығушылығына түсті: дереккөздің хабарлауынша, футболшыға «Реал Мадрид» қызығушылық танытқан, деп хабарлайды Tengri Sport.

Бұған дейін қазақстандық БАҚ 24 жастағы қазаққа еуропалық тағы бір алпауыт «Манчестер Юнайтед» қызыққанын, кейін британдықтардың байыпты бәсекелесінің бар екені белгілі болғанын жазған болатын.

Басылым мәліметінше, «Зенит» ойыншысына «Реалдың» бас скауты Джуни Калафат қызығушылық танытып отыр. Клуб екі орталық қорғаушысынан айырылып, қорғанысын нығайту үшін Роберт Ренанды жалға алуды жоспарлады. Ресейлік агенттердің хабарлауынша, Мадрид командасының скауттары қазақстандық ойыншының да ойынына назар аударған. Бұл Нұралы жақын арада «Реалға» жалға берілуі мүмкін деген сөз, деп болжайды Kazakh Football Inside

Басқа спорттық жаңалықтар