UFC

Шавкат Рахмоновтың менеджері оның келесі қарсыласын атады

Шавкат Рахмоновтың менеджері оның келесі қарсыласын атады

Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов файтердің келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты.

«Логикаға салсақ, жекпе-жек титул үшін болмаса, UFC үшін де, біз үшін де Колби Ковингтонмен кездесу дұрыс. Бірақ Колби Вандербойды жекпе-жекке шақырып жүр, яғни Шавкатпен кездесуден қашады.

Наурызда Гилберт Бернс пен Джек Делла Маддалена кездеседі, Делла Маддалена жеңсе, төртінші орынға көтеріліп, Шавкаттан озуы ықтимал. Сол кезде Джек Делла Маддаленамен төбелесуіміз ықтимал. Шавкат та онымен кездескісі келеді», — деді Әбдірахманов.


Дереккөз: prosports.kz

Басқа спорттық жаңалықтар