Live-события
Tennis
02 Dec. 15:50
ITF 15. Antalya. Clay. Turkey
Kaya Arinc
Andrea Fiorentini
П1 17%
П2 83%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Antalya. Clay. Turkey
Pietro Romeo Scomparin
Denys Klok
П1 81%
П2 19%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Women. Antalya. Clay. Turkey
Krystyna Pochtovyk
Gina Marie Dittmann
П1 5%
П2 95%
Tennis
02 Dec. 15:20
ITF 100. Women. Dubai. Hard. UAE
Arianne Hartono
Mei Yamaguchi
П1 89%
П2 11%
Tennis
02 Dec. 16:10
ITF 100. Women. Dubai. Hard. Doubles
Alevtina Ibragimova/Ksenia Zaytseva
Emily Appleton/Prarthana G. Thombare
П1 23%
П2 77%
Tennis
02 Dec. 16:15
ITF 100. Women. Dubai. Hard. Doubles
Mananchaya Sawangkaew/Xinyu Gao
Iva Primorac Pavicic/Ipek Oz
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 14:55
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Cian Maguire
Louis Allen
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 15:25
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Louis Herman
Rahul Dhokia
П1 78%
П2 22%
Tennis
02 Dec. 15:50
ITF 15. Monastir. Hard. Tunisia
Oscar Brown
Ruben Hartig
П1 30%
П2 70%
Tennis
02 Dec. 16:00
ITF 15. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Jan Hrazdil/Ivan Gretskiy
Philip Henning/Gerard Henning
П1 37%
П2 63%
Tennis
02 Dec. 15:40
ITF 15. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Melios Efstathiou/Eleftherios Neos
Yassin AhmedWageh/Seifelden Mostafa Samih
П1 94%
П2 6%
Tennis
02 Dec. 16:00
ITF 35. Women. Sharm el Sheikh. Hard. Doubles
Jana Denisenko/Victoria Kapcia
Katy Dunne/Viktoria Morvayova
П1 5%
П2 95%
Tennis
02 Dec. 15:30
ITF 35. Women. Monastir. Hard. Tunisia
Alicia Dudeney
Jennifer Ruggeri
П1 67%
П2 33%
Tennis
02 Dec. 16:20
ITF 35. Women. Monastir. Hard. Tunisia
Alina Granwehr
Ranah Akua Stoiber
П1 74%
П2 26%
Tennis
02 Dec. 15:25
ITF 50. Women. Selva Gardena. Hard. Italy
Cristina Diaz Adrover
Matilde Jorge
П1 15%
П2 85%
Basketball
02 Dec. 16:00
Women. Russia. Superleague
MBA-MGUSiT 2(W)
Vologda-Chevokata(W)
П1 61%
П2 39%
Basketball
02 Dec. 16:30
Women. China WCBA
Beijing(W)
Xinjiang(W)
П1 66%
П2 34%
Basketball
02 Dec. 16:20
China. CDBL
Xi՝an Legends
Wuhan Lightnings
П1 55%
П2 45%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Women. Turkey. 1st League
Denizli B.Sehir Bld(W)
Istanbul BBSK(W)
П1 60%
П2 40%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Women. Turkey. 1st League
Diyarbakir B.Sehir Bld.(W)
Manavgat Belediye Spor(W)
П1 11%
П2 89%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Women. Turkey. 1st League
TED Kolejililer(W)
Sakarya Voleybol(W)
П1 33%
П2 67%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Women. Turkey. 1st League
Yesilyurt(W)
Havran Fatih Bld(W)
П1 76%
П2 24%
Volleyball
02 Dec. 16:00
Turkey. Efeler League
Gebze Bld
TFL Altekma
П1 27%
П2 73%
Volleyball
02 Dec. 15:00
Turkey. Efeler League
Ziraat Bankasi
Galatasaray
П1 72%
П2 28%
Volleyball
02 Dec. 15:00
South Korea. V-League
KB Stars
KEPKO
П1 9%
П2 91%
Volleyball
02 Dec. 15:35
Women. Philippines. MPVA
Quezon Tangerines(W)
Binan Tatak Gel(W)
П1 85%
П2 15%
Darts
02 Dec. 16:20
World. ADC Global Championship
John O`Shea
Stijn Deklerck
П1 72%
П2 28%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
World. Women. WTT Feeder
Choi Haeeun
Izabela Lupulesku
П1 89%
П2 11%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
World. Women. WTT Feeder
Lee Seungeun
Sofia Xuan Zhang
П1 91%
П2 9%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
World. TT Cup
Litomisky Petr
Framberk Jan
П1 86%
П2 14%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
World. TT Cup
Lysakowski Michal
Sulkowski Bartosz
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
World. Men. Rocket Masters Cup. SP
Manukyan Garnik
Sahakyan Arman
П1 71%
П2 29%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Poland. TT Elite Series
Felkel Grzegorz
Kosowski Jakub
П1 50%
П2 50%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Poland. TT Elite Series
Strowski Karol
Sklensky Miroslav
П1 79%
П2 21%
Table Tennis
02 Dec. 16:15
Russia. Liga Pro
Khurgin Vladimir
Sergeevich Igor
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Russia. Liga Pro
Chechulin Maksim
Konstantinov Dmitry
П1 78%
П2 22%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Russia. Liga Pro
Atiunin Mikhail
Minchenkov Igor
П1 46%
П2 54%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Russia. Masters. League B
Chernov Aleksandr
Pavlov Evgeny
П1 39%
П2 61%
Table Tennis
02 Dec. 16:25
Russia. Masters. League B
Yakuba Vladimir
Lyashenko Alexander
П1 70%
П2 30%
Table Tennis
02 Dec. 16:05
Russia. Masters. League C
Gorelov Valeriy
Volin Dmitry
П1 23%
П2 77%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Ukraine. Setka Cup
Maliuk Serhii
Lyman Oleksandr
П1 43%
П2 57%
Table Tennis
02 Dec. 16:05
Ukraine. Setka Cup
Ostryi Ilia
Gazhula Oleksii
П1 86%
П2 14%
Table Tennis
02 Dec. 16:20
Ukraine. Setka Cup
Ishchuk Vadym
Nazarov Anatolii
П1 37%
П2 63%
Table Tennis
02 Dec. 16:30
Ukraine. Setka Cup
Ponomarenko Oleh
Miklukha Oleh
П1 62%
П2 38%
League of Legends
02 Dec. 16:20
European Circuit
Blades
Hydra Esports
П1 38%
П2 62%
League of Legends
02 Dec. 16:15
Shi Guang Cup
Team gg
GJ
П1 83%
П2 17%
VALORANT
02 Dec. 15:35
SOOP League
T1
ZETA DIVISION
П1 92%
П2 8%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Eternity League
Reboot Gaming
Rifty Esports
П1 60%
П2 40%
Counter-Strike 2
02 Dec. 14:00
CCT : Europe
500
Sangal Esports
П1 57%
П2 43%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Myskill Pro League
Oxuji
MASONIC
П1 37%
П2 63%
Counter-Strike 2
02 Dec. 16:00
Rush Zone
Shots Fired
Unstoppable
П1 20%
П2 80%
Теннис

Азия ашық чемпионатын ұйымдастырғымыз келеді – теннис федерациясының вице-президенті

Азия ашық чемпионатын ұйымдастырғымыз келеді – теннис федерациясының вице-президенті

Жуырда отандық теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийдің Азия теннис федерациясының (ATF) президенті болып сайланғаны мәлім. Аталған ұйым алдында қандай міндеттер тұр, қандай ірі шаралар ұйымдастырылмақ? Міне, осы орайда Ю.Польский Kazinform тілшісінің сауалдарына жауап берді.

– Юрий Федорович, сіздің Азия теннис федерациясының президенті болып сайлануыңыз осы олимпиадалық спорт түрінің Қазақстанда ойдағыдай дамып отырғанын көрсетеді. Осы орайда лауазымыңыз Қазақстан мен Азияда қандай мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлайсыз?

– Ең бастысы – Азия елдері арасында өзара іс-қимылды жақсарту, ойыншылар үшін тартымды аймақ ретінде Қазақстанды белсенді араластыру. Бізге Азияның үздік ойыншылары келсе, олар біздің теннисшілермен сынға түсер еді. Әркім де өзінің қазанындай қайнай бермей, шынайы бәсекелестік болған жағдайда қана шеберлігін шыңдай алады. Осы орайда менің президенттігім үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Азия үшін өзінде іс-шаралар өткізуге дайын, түрлі турнирлерге ойыншыларын жібере алатын бастамашыл елдер қажет деп есептеймін. Қазақстан кез келген деңгейдегі іс-шараны әрдайым жоғары деңгейде өткізді. Бұл – Азия үшін ойыншылар халықаралық деңгейде тәжірибе алатындай мүмкіндік. Түптеп келгенде, мұның пайдасы екі жаққа да зор – Азия аймағындағы даму Қазақстанға да игі әсер етеді.

– Бұрын Азия ашық чемпионаты өтіп тұратын еді. Ол неге тыйылып қалды?

– Менің де айтқым келіп отырған мәселемнің бірі осы еді. Басты жоспарымыздың бірі – демеуші тауып, бұрын болған барлық жас ерекшеліктеріне қарай Азия ашық чемпионатын қайта ұйымдастыру. Ол медиақамту жағынан тартымды ғана емес, сонымен қатар Australian Open секілді «Үлкен дулыға» турнирлеріне арнайы шақырту (WC) бере алсақ, тіпті жақсы болар еді. Сондықтан соңғы алты жылда өтпеген жарысты қайта жандандыруымыз керек. «Үлкен дулыға» турнирлерін ұйымдастыру комитеттерімен жақсы қарым-қатынастамын. Біз бұрын болған «Уимблдонға жол» және «Рандеву Ролан Гаррос» турнирлерін өткізе аламыз. Бұл біздің жастарымызға ірі турнирлерге қатысып, алғашқы ұпайларымен қоса, ең бастысы, тәжірибе жинақтауларына мүмкіндік береді.
Теннистен Азия ашық чемпионаты екі кезеңнен тұратын жыл сайынғы турнир болмақ. Бірінші іріктеу сайысы, онда Азияның барлық елдері екі бозбала мен екі қыздан қоса алады. Осылайша, барлық құрлық барынша толық қамтылады. Екінші, финалдық кезеңге Азияның рейтинг бойынша үздіктері мен іріктеуден өткендер қатысады. Сөйтіп біз Азияның үздік ойыншыларына бірге сынға түсуіне мүмкіндік береміз. Жүлде қорын қатысушы елдер есебінен толықтырамыз. Әдетте мұндай іс-шараларды журналистер жазып, хабарлап, әлемге таратады, теледидарға түсіреді, бұл Азия федерациясының дамуына қаржы салуға дайын демеушілер үшін тартымды болмақ. Өзім жетекшілік ететін Азия теннис федерациясы директорлар кеңесінің алдағы жиналысы қаңтарда Мельбурнда Australian Open кезінде өтеді. Онда біз аталмыш турнирдің қандай ауқымда болатынын талқылап, сосын бір-екі айда бекітуге тырысамыз. 2024 жылы күзге қарай өткізуге ниеттіміз. Біріншілік ауыспалы болып, 5-6 ел басты ұйымдастырушы атанады деп ойлаймыз. Елдердің жыл сайын жарнасын төлеп, жарысты кезекпен жоғары деңгейде өткізуі үшін олардың қатарын көбейте түспекшіміз.

– Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің табыстарын бүкіл әлем біледі. Өзімізден шыққан сондай жұлдыздар неге жоқ?

– Биыл Бейбіт Жұқаев үлкен серпіліс жасады, ол әлемдік рейтингте жоғары көтеріліп, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды. Әрине, біз оған үлкен үміт артамыз. Ақтау теннис мектебінің түлегі допты жақсы береді, кортта жылдам қимылдап, оң және сол қапталда тұрақты соққы жасай алады. Қазірдің өзінде ТОП-100-ге кіретін бірнеше ойыншыны ұтты, бұл – жақсы көрсеткіш. Жаңа жылда Жұқаевтың Дэвис кубогінде құрамамызға көмектесіп, шеберлігін жетілдіре түсетініне сенімдімін.
Жас жеткіншектер жөнінде айтсақ, Әмір Омарханов қатты өсіп келеді. Заңғар Нұрланұлымен бірге жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінде өте жақсы нәтиже көрсетті. Омарханов барлық матчтарын жеңіспен аяқтап, Испания мен Италияның үздік ойыншыларын ұтты. Бұл табыстар үміт ұялатып, алдыңғылардың орнын басатын ізбасарлар бар екендігін көрсетеді. Біз өз кезегімізде әлемде үздік атану жолында өз мүмкіндігін толық пайдалануы үшін оларға көмектесетін боламыз. Ең бастысы, қарқынын жоғалтпай, жарақат алмаса, болғаны.
Қыздар арасында Жібек Құламбаева тұрақты өнер көрсетіп келеді. Ол, әрине, жұптық ойыншы. Дегенмен жекелей сында да мүмкіндігі мол. Қазір біз оған техникалық шеберлігін арттыруға жәрдем беруге тырысудамыз, қосымша жарыс тәжірибесі де керек. Күшті қарсыластарын жеңіп үлгерген Жібектен үміт күтеміз.
Биыл ел тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне шыққан Полина Слепцова, Іңкәр Дүйсебай және Анастасия Крымковалар да бар. Турнир барысында жеңіске де жете білген қыздарымыз қорытындысында әлемнің 10 үздік елінің қатарына енді. Олардың бәрі – біздің «өніміміз», Қазақстан теннис мектебінің түлектері. Енді осы қарқынды сақтап, жоғары деңгейден түспеу қажет.

– Бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік Александр Шевченконың Қазақстан азаматтығын алатыны жөнінде айтылып қалып жүр. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?

– Иә, Александр Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келетініне көп болды. Ол бізге сондай өтініш берді. Александр көптен бері Словакияда өздігінен жаттығуда. Ол қазақстандық ойыншыларды жақсы біледі, бізде теннистің жүйелі түрде жолға қойылғанын, команданың әр мүшесіне көзқарас ерекше екендігін түсінеді. Сондықтан осы қатарға қосылғысы келеді. Барлық құжаттар дайын деуге болады. Паспорт алуға құжаттарын тапсырды. Таяу уақытта бұл мәселе қаралып, ол АТР жарыстарында Қазақстан атынан өнер көрсете алады. Бірақ ұлттық құрама сапында Александр Шевченко азаматтық алғаннан соң екі жылдан кейін ғана ойнай алады – ITF-дағы жалпы тәртіп осындай.

– Соңғы сауал, алда жаңа маусым келе жатыр. Осыған дейін АТР додалары Астанада өтіп келгені белгілі. Енді 2024 жылғы АТР күнтізбесіне Almaty Open еніпті. Мұның себебі неде?

– Алматы – мұндай ірі жарысты өткізу үшін әбден лайық қала. Алматыдан қаншама теннисші шықты, дәстүрге де бай. мұндай ірі жарысты өткізу үшін әуелден лайықты еді. Жанкүйерлері де жетерлік. Сондықтан қалада теннистің дамуына жаңа леп беру үшін АТР 250 турнирін Астанадан Алматыға ауыстырдық. Оған қоса Алматы туристік қала болып есептеледі, онда келетіндер шетелдіктер көп. Сондай-ақ Алматыда жақсы спорттық нысан – Almaty Arena бар, біз оны турнир қажеттілігіне толық бейімдегіміз келеді. Әлеуеті де жоғары, аталмыш кешенде 7 мың, болашақта 10-12 мың жанкүйер үшін матчтар өткізуге болады. Көрермен көп болса, бұл ойыншыларға да қанат бітіреді, олар өзінің үздік өнерін көрсете бастайды. Қорыта айтқанда, алдағы жылы теннисшілеріміздің табыс төрінен көрінуі үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар